МЕКТЕПІШІЛІК ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТТІ.
Бүгін №59 мектеп-гимназияда оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау іс-шарасы өтті. Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып он екі оқушы тіркеліп, өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басщылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын жауапты, тәртіпті