РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ІІІ ОРЫН АЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ІІІ ОРЫН АЛДЫ.
05
июнь
2023

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ІІІ ОРЫН АЛДЫ.

        Өткен аптада мектебіміздің оқушылары: Муапық Айзада Амангелдіқызы (6 «Б» сынып), Еңбек Аяла Еркебұланқызы (5 «Ә» сынып), Ережеп Інжу Қайратқызы (4 «В» сынып), Абдулла Еркеназ Қайратқызы (1 «Ә» сынып) «Тоғызқұмалақ» ойынының алаңда ойнау түрі бойынша Республикалық турниріне қатысып қайтты. Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған үлкен додаға бүкіл республика бойынша ойыншылар қатысып, сайысқа түсті. 26-30 мамыр аралығында өткен сайыс нәтижесінде Алматы қаласы командасы ІІІ орын алып, жеңімпаздар арасынан көрінді. Ал команда құрамында ойнаған оқушымыз Муапық Айзада (6 «Б» сынып) дипломмен марапатталды. «Жарайсыңдар! дейміз. Сөйтіп біздің оқушыларымыз республикалық деңгейдегі сайыстардан көрініп, мектебіміздің абыройын асқақтатып жатыр. Біз өз тарапымыздан оқушыларды Тоғызқұмалақ ойынына үйретіп, үлкен сайыстарға дайындап жүрген мектебіміздің денешынықтыру пәні мұғалімі Байсмаков Олжас Серікұлына алғыс сезімімізді білдіре отырып, игі істеріне сәттіліктер тілейміз.