Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАЗУШЫМЕН КЕЗДЕСТІ.
11
май
2023

ЖАЗУШЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

Бүгін біздің мектебіміздің 5 және 6 сынып оқушылары (сынып жетекшілері- Оспанова Гүлжан және Гульзина Бақытқызы) Түрксіб ауданындағы №1 балалар кітапханасына барып, белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Байқоңыр сыйлықтарының лауреаты, бұрынғы КСРО Ғылым академиясы құрамындағы Бүкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамының толық  мүшесі  - Жүніс (Сахиев) Сақұрпағымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында жазушы балалармен өз естеліктерімен бөлісіп, көптеген рухани әңгімелер айтып, жақсы, тәрбиелі бала болу үшін не істеу керектігін айтты. Сұрақтарына жауап беріп, келелі ойларын ортаға салып, кітаптарымен таныстырды. Осылайша біздің балаларымыз мәнді де мағыналы кездесудің қонағы болып, осындай кездесудің өтуіне ұйытқы болған мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевнаға және кітапхана қызметкерлеріне ризашылық сезімдерін білдірді. Рухани тұрғыда аздап болса да байып, дән риза болысты.