Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2025 года » Страница 3
"Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі"  іс-шарасы
12
май
2025
"Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" іс-шарасы
Қазақстанда "Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" атты арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, елдің барлық өңірінде мәдени және патриоттық шаралар өткізілді. Бұл шаралар ардагерлерге құрмет көрсету, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және тарихи жадыны сақтау мақсатында ұйымдастырылды.
4-тоқсандық жиынтық бағалау өткізу кестесі
12
май
2025
4-тоқсандық жиынтық бағалау өткізу кестесі
ХАБАРЛАНДЫРУ!  Оқушылар мен педагогтер, ата-аналар назарына! 2024-2025 оқу жылының 4-тоқсанында жиынтық бағалауы бар пәндер бойынша 2-11-сыныптарға арналған ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) өткізу кестесі. Тоқсандық жиынтық бағалау 15-21.05.2025 аралығында (қоса алғанда) өткізіледі.  Кестені мектеп сайтынан да көре аласыздар.
Алматы қаласы Түрксіб ауданының жас мектеп директорларының  Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтауы
09
май
2025
Алматы қаласы Түрксіб ауданының жас мектеп директорларының Ұлы
Алматы қаласы Түрксіб ауданының жас мектеп директорлары Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Мектеп басшыларының орындауындағы Ұлы жеңіс символдарының біріне айналған, талай әскерді жандандырған “Көк орамал” әні мен 80 жылдыққа 80 оқушы қыздың орындауындағы биін қабыл алыңыздар. Еліміз аман, болашағымыз баянды болсын! ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі
08
май
2025
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай 2025 жылдың 8 мамырында ұйымдастырылды. «Жас Қыран» ұйымына 2 сыныптардан - 118 оқушы және «Жас Ұлан» ұйымына 5 сыныптардан - 120 оқушы, жалпы 238 оқушы қабылданды. Негізгі мақсат оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ұйымдастырушы: аға тәлімгер-К.Э.Перманова
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Майдан хаттары” қойылымын сахналады
08
май
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Майдан хаттары” қойылымын сахналады
№59 мектеп-гимназиясының мектепшілік “Айна” театры Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Майдан хаттары” қойылымын сахналады. Қойылым барысында көрермендер ерекше әсерге бөленді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық сенбілік
08
май
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық сенбілік
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық сенбілікке №59 мектеп-гимназиясының ұжымы мен оқушылары белсене қатысты. Іс-шара барысынды мектеп ауласы мен айналасы қоқыстан тазартылып, гүл отырғызылды.