18
май
2026
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АПБ КПБ-ның жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Жатқанбаев Естай Маратұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Устенов Саламат Жоланович 10–11 сынып оқушыларымен «Қауіпсіздік ережесін сақтайық» тақырыбында пр
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АПБ КПБ-ның жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Жатқанбаев Естай Маратұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Устенов Саламат Жоланович 10–11 сынып оқушыларымен «Қауіпсіздік ережесін сақтайық» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.


Кездесу барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық орындардағы тәртіп туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы жауапкершілік пен сақтықтың маңыздылығы айтылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Осындай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

