Үздік 20 оқушыға “ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ” арнайы марапаты табысталды.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында көрсеткен ҮЗДІК жетістіктері үшін мектептің 20 оқушысы 🏆 “ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ” статуэткасымен, арнайы марапат қағазымен және сыйлықтармен марапатталды. Біліма алушыларды ынталандыру, олардың зияткерлік еңбегін бағалау мақсатындағы шара келер жылы да жалғасын таппақ. Жетістіктеріміз көп болсын!