«Оқулығыма күтім» акциясы
Оқу жылының соңында оқулықтарын өткізбей тұрып «№59 мектеп-гимназия» шәкірттері «Оқулығыма күтім» акциясына қатысты. Мақсаты: оқулықтарды таза, жыртпай, сызбай ұстауға баулу. Оқулықтың білім нәрімен сусындататын құрал екендігін ұғындыру. Шара барысында оқушылар қауіпсіздік шараларын ескере отырып, өз оқулықтарына күтім жасады.