Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 мамыр күні 1-11 сыныптарында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
25
май
2026

25 мамыр күні 1-11 сыныптарында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

2026 жылдың  25  мамыр күні 1-11 сыныптарында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, білімнің маңызын түсіндіру және ел болашағына жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушылар білімнің адам өміріндегі орны, ел дамуына қосатын үлесі туралы өз ойларын ортаға салды. Қазақстанның білімді, бәсекеге қабілетті жастары елдің жарқын болашағы екендігі айтылды. Сонымен қатар, оқушылар Отан, туған жер, білім туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, патриоттық әндер орындады.

Сынып сағатында түрлі сұрақ-жауап, пікір алмасу жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Елін сүйетін, білімді әрі тәрбиелі азамат болудың маңызы кеңінен түсіндірілді.