1–11 сынып оқушыларына "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағыты бойынша сынып сағаттары өткізілді.
1–11 сынып оқушыларына "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағыты бойынша сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары келесі тақырыптарды қамтыды:
- «Бүгінгі еңбек – ертеңгі табыс»
- «Қауіпсіздік сабағы»
- «Көмек» бағдарламасы
- «Буллингтен қорған ДОСБОЛLIKE»
Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, өзара көмек көрсету мәдениетін қалыптастыру және буллингтің алдын алу болды.
Іс-шара барысында оқушыларға адал еңбектің маңыздылығы, күнделікті өмірдегі қауіпсіздік шаралары, бір-біріне қолдау көрсету және қиын жағдайда көмек сұрай білу дағдылары түсіндірілді. Сонымен қатар, буллингтің зияны, оның алдын алу жолдары және құрдастар арасындағы сыйластық туралы ақпарат берілді.
Сынып жетекшілері тақырыптарды ашу үшін пікір алмасу, сұхбат, жағдаяттық тапсырмалар, бейнероликтер мен тренинг элементтерін қолданды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.



