Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1–11 сынып оқушыларына "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағыты бойынша 1-11 сынып оқушылары сынып сағаттары өткізілді.
27
апрель
2026

1–11 сынып оқушыларына "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағыты бойынша 1-11 сынып оқушылары сынып сағаттары өткізілді.

1–11 сынып оқушыларына "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағыты бойынша 1-11 сынып оқушылары сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттары келесі тақырыптарды қамтыды:

  1. «Еңбекқор ұрпақ – ел болашағы», «Қазақстан – достық мекені»
  2. Қауіпсіздік сабағы
  3. «Алматы – таза қала» бағдарламасы
  4. «Профориентация»

Іс-шаралардың мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтаралық татулық пен достықты нығайту, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу болды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, туған қаланы таза ұстау және болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру көзделді.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері, экологиялық мәдениет, кәсіби бағдар және қоғамдық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, пікір алмасу, сұхбат, жағдаяттық тапсырмалар және бейнероликтер арқылы тақырыптар жан-жақты ашылды.

Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, берілген тақырыптардың маңыздылығын түсінді.