1–11 сынып оқушыларына тәрбие бағыты бойынша бірқатар маңызды тақырыптарда сынып сағаттары ұйымдастырылды.
📢 Тәрбие сағаттары өткізілді
Мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына тәрбие бағыты бойынша бірқатар маңызды тақырыптарда сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда:
🔹 1–11 сынып оқушыларына
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына арналған танымдық тәрбие сағаттары өткізілді.
🔹 1–7 сыныптарда
Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 88 жыл толуына орай арнайы сынып сағаттары ұйымдастырылды.
🔹 Сонымен қатар, барлық сыныптарда:
– «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді;
– «Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында экологиялық тәрбиеге бағытталған жұмыстар жүргізілді;
– Кәсіптік бағдар беру бағытында оқушыларға болашақ мамандық таңдаудың маңызы түсіндірілді.
Өткізілген тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, тарихи тұлғаларды құрметтеуге баулу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және кәсіби бағыт-бағдар беру.
Жауапты: ДТІЖО: Кыпшакова Д., Устенов С.Ж.



