Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1–11 сынып оқушыларына «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
02
март
2026

1–11 сынып оқушыларына «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

📌 №59 мектеп-гимназиясында тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар өтті.

1–11 сынып оқушыларына «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға алғыс айту мәдениеті, бір-біріне құрмет көрсету, мейірімділік пен ізгілік құндылықтарының маңызы түсіндірілді.

Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы (10 минут) өткізіліп, оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары айтылды.

«КӨМЕК» жобасы (10 минут) аясында бір-біріне қолдау көрсету, қиын жағдайда көмек көрсету, жанашырлық пен жауапкершілік қасиеттерін дамыту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құқықтық білім беру (10 минут) барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, заңды құрметтеу және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Бұл іс-шаралар оқушылардың адамгершілік құндылықтарын нығайтып, қауіпсіздік пен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.