Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде 11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма!» атты соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өткізілді.
25
май
2026

2026 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде 11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма!» атты соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өткізілді.

2026 жылдың  25  мамыр күні мектебімізде 11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма!» атты соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеу, олардың жетістіктерін дәріптеу және оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.

Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Іс-шара барысында мектеп директоры, ұстаздар, ата-аналар және қонақтар түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, алдағы ҰБТ мен үлкен өмір жолында сәттілік тіледі.

Салтанатты кеште мектептің оқу, қоғамдық және спорттық өмірінде белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, 11-сынып оқушылары ұстаздарына алғыстарын айтып, мектеп қабырғасындағы әсерлі сәттерімен бөлісті. Мектеп вальсі биленіп, әндер орындалды.

Іс-шара барысында қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, қоғамдық тәртіптің сақталуына ерекше назар аударылды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күйде өтті.