13
июнь
2025
Негізгі орта мектепті бітіруші түлектерге аттестат табысталды
Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №59 мектеп-гимназиясында 9-сынып бітірушілеріне арналған жиын өтті.
📅 2025 жылғы 13 маусымда №59 мектеп-гимназиясында 9-сынып түлектеріне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, мектеп директорының құттықтау сөзімен жалғасты.
Жиын барысында мектеп-гимназия директорының бұйрығына сәйкес, 156 оқушыға «Негізгі орта білім туралы аттестат» салтанатты түрде табысталды. Оның ішінде:
• 25 оқушы — «Үздік аттестат» иегері,
• 131 оқушы — жалпы үлгідегі аттестат алды.
Аттестаттарды табыстау рәсіміне дейін ДОІЖО К.У. Егеубаева негізгі орта мектепті бітіруші түлекткрге аттестат табыстау туралы бұйрықпен таныстырды.
Салтанатты жиын соңында Алматы қаласы, Түрксіб аудандық Полиция Басқармасының ЖПҚБ ЮПБ-ң учаскелік инспекторы аға лейтенант Жуманов Елжан Нуржанович ата-аналар мен бітіруші түлектерге жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🎓 Құрметті 9-сынып бітіруші түлектер!
Болашақтарыңыз жарқын, жолдарыңыз ашық болсын! Армандарыңыз орындалып, үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!