Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Есірткілік заттарды қолдыну мен таратудың зияны бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
23
май
2025

Есірткілік заттарды қолдыну мен таратудың зияны бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

23.05.2025 ж. №59 мектеп-гимназиясында Алматы қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түрксіб аудандық Полиция басқармасының өкілдері мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Жиын барысында Алматы қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы оқушыларға есірткілік заттарды қолдыну мен таратудың зияны бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түрксіб аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Мусаева Гузель Исрапуловна мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиыннан соң көлікпен шеру құруға, түрлі ойын сауық орындарда атап өтуге тыйым салынатыны туралы ескертті.