19
июнь
2025
Түлектерге аттестат табысталды
Бүгін – №59 мектеп-гимназия тарихындағы ерекше әрі толғанысты сәттердің бірі. Бүгін біз – 2025 жылғы мектеп бітіруші түлектерімізге салтанатты түрде аттестат тапсырып, үлкен өмірге жолдама беріп отырмыз.Құрметті жас түлектер!Бүгін – сіздердің өмір жолдарыңыздағы маңызды белестің бірі. Бұл күн – білім мен еңбектің, үміт пен армандардың жемісі. Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз бен тәлімдеріңіз алдағы үлкен жолда серік болсын. Еліміздің абыройлы азаматы болып, биіктерден көрінулеріңізге тілектеспін!
Бүгін сіздер мектеппен қоштассаңыздар да, біздің жүрегімізде, мектебіміздің тарихында мәңгі қаласыздар. Сіздерге тек сәттілік, асқақ арман және жарқын болашақ тілеймін!
Аттестаттарыңыз құтты болсын!
Жолдарыңыз ашық болсын!
https://instagram.com/p/DLGKYCmtmeJ/