Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МАҚСАТТАРЫҢ БИІК, БОЛАШАҚТАРЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!
21
июнь
2023

МАҚСАТТАРЫҢ БИІК, БОЛАШАҚТАРЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!

    Бүгін міне, балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алып жатқан келесі бір жас түлектерді шығарып салдық.  11- сынып оқушылары мектеп бітіргендігі туралы куәліктерін алып, алтын ұя -мектебімен, аяулы ұстаздарымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. 

    Биыл 59 мектеп-гимназиясын 60 түлек бітіріп шығып отыр. Сынып жетекшілері: Заманбекова Г.К., Серботаева І.М. Ибраимова Б.Т. Негізінде мектеп бітіру салтанаты – бұл кәсіби білім алу мен жастардың үлкен өмірге көшу жолындағы маңызды оқиға. Осы кешті балалардың көңілінде қалатындай етіп өткізу - маңызды міндеттердің бірі. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер осы мәселені ескере отырып, бүгінгі аттестат тапсыру салтанатты жиынын жоғары деңгейде ұйымдастырып, түлектердің де, келген ата-аналардың да көңілінен шығатындай етіп өткізді. Концерттік қойылымдар да, ән мен би де- бәрі болды. Түлектер естен кетпестей әсерге бөленді. Осылайша кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған балаларымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен мәңгіге қоштасты. Біз өз тарапымыздан жас түлектерге сәттілік тілеп, жолдары ақ, мұраттары асыл, болашақтары жарқын бола берсін деген тілек білдіреміз.