Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2025 года » Страница 3
“Ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм” тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.
15
апрель
2025
“Ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм” тақырыбында бейнероликтер
“Ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм”, “Тыңдауға тыйым салынған 10 уағызшы” тақырыптарында видеороликтер 8-11 сынып оқушыларына көрсетілді. Барлығы - 430 оқушы тамашалады. Жауапты: ДТІЖО: Кыпшакова Д.
Мектепшілік "Айна" театры жүлдегер атанды.
15
апрель
2025
Мектепшілік "Айна" театры жүлдегер атанды.
Мектептің жаңа қадам басқан жас “Айна” театры өз репертуарын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің “Аққулар ұйықтағанда” қойылымымен бастап, бүгінгі күні жеңіс тұғырынан көрініп үлгерді. Жас өнерпаздарымыз “Театрдың ғажайып әлемі” атты байқаудың мектепаралық ІРІКТЕУ кезеңінен 1-орын алып, аудандық кезеңге жолдама алды. Жас әртістерді жеңістерімен құттықтаймыз. Көркемдік жетекшісі: Такежанова Б.А. Музыкалық әрлеуші: Алибекова Л.Г.
"«Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті» ақпараттық түсіндірме сабағы
14
апрель
2025
"«Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті» ақпараттық
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен Алматы қаласы білім беру ұйымдарында 2024 - 2025 оқу жылына арналған «Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті» ұранымен азаматтық қорғау саласының ақпараттық түсіндіру сабағы өткізілді. Сабақ Zoom платформасы арқылы төмендегідей тақырып бойынша өткізілді: 1. Сел қаупі кезіндегі халықтың әрекеті; 2. Білім беру объектілерінде сел жаттығуларды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі. Сабаққа мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты. 
"Балалардың қауіпсіздігі" тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
11
апрель
2025
"Балалардың қауіпсіздігі" тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
2025 жылдың 11 сәуірінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, су айдындарындағы және терезеден құлаудың алдын алу т.б. қауіпсіздік шараларын сақтау үшін сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыстар онлайн және оффлайн форматта өткізілді.
Нашақорлыққа жол жоқ!
10
апрель
2025
Нашақорлыққа жол жоқ!
10.04.2025 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасының КПБ жедел уәкілі 8-11 сынып білім алушыларымен жиналыс өткізді Түрксіб аудандық АПБ КПБ жедел уәкіл полиция лейтенанты Жатқанбаев Естай Маратұлымен наркотикалық заттар мен алкогольдік сусындарды тұтыну және оларды сату туралы жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. ҚР ҚК 297,296 бабына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар таныстырылып, ескерту жасалды. Жауапты: ДТІЖО: Кыпшакова Д.