"Адам папиллома вирусы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді
Адам папиллома вирусы әлемдегі қауіпті вирустардың бірі. Оның алдын алу өте маңызды болып саналады. Осы орайда «№59 мектеп-гимназия» ұжымында №9 Қалалық Емхана мамандарының түсіндіруімен ата-ананаларға онлайн форматта жиналыс өтті. Жиын барысында медицина мамандары аталған вирустың алғашқы белгілері қандай болатынын, оның зардабы мен алдын алу шарашаларын түсіндірді. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.