"«Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті» ақпараттық
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен Алматы қаласы білім беру ұйымдарында 2024 - 2025 оқу жылына арналған «Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті» ұранымен азаматтық қорғау саласының ақпараттық түсіндіру сабағы өткізілді. Сабақ Zoom платформасы арқылы төмендегідей тақырып бойынша өткізілді: 1. Сел қаупі кезіндегі халықтың әрекеті; 2. Білім беру объектілерінде сел жаттығуларды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі. Сабаққа мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты.