Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас құтқарушыларымыз жарады.
27
апрель
2022
Жас құтқарушыларымыз жарады.
             Бүгін мектебіміздің 9 «В» сынып оқушылары «Жас құтқарушы» сайысының аудандық кезеңіне қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін І орынға ие болды. Қалалық «Оқушылар үйінің» директоры А.Б.Байсымакова балаларымызға құттықтау қағазын табыс етіп, алдағы мамыр айында өтетін сайыстың қалалық кезеңінде үлкен нәтижеге жетулеріне тілектестік білдірді. 
Аудандық теннис жарысынан топ жарды.
15
апрель
2022
Аудандық теннис жарысынан топ жарды.
          Аудандық мектепаралық 5-11 сыныптар аралығындағы теннис жарысынан ұлдар 1-орын, қыздар 2-орын алып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Жетекшісі: дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрғалиев Тимур.
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ АТЫНАН МАДАҚТАМА ҚАҒАЗҒА ИЕ БОЛДЫ.
14
апрель
2022
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ АТЫНАН МАДАҚТАМА ҚАҒАЗҒА ИЕ БОЛДЫ.
     Бүгін Халықаралық техникалық инспекторлар күніне орай мектебіміздің техникалық инспекторы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерсариев Медет Ермағанбетұлы аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы атынан мадақтама қағаз алып, сый-сияпатқа ие болды. Өз тарапымыздан әріптесімізді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтап, табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіреміз. 
Қалалық "Наурыз - ән-жырым" байқауында топ жарды.
11
апрель
2022
Қалалық "Наурыз - ән-жырым" байқауында топ жарды.
Бүгін қалалық "Наурыз - ән-жырым" байқауында "Музыкалық аспапта өнер көрсету" номинациясы бойынша өнер көрсеткен мектебіміздің "Ақжелен" домбырашылар ансамблі (жетекшісі - Атантаева Бұлбұлқұс Абылғазықызы) ІІ орын алып, қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының марапатына ие болды.  
"Классика әлемі 2022" байқауының жеңімпазы атанды.
08
апрель
2022
"Классика әлемі 2022" байқауының жеңімпазы атанды.
        Алматы қаласы Орталықтандырылған Кітапханалар Жүйесі, Ресей Консулы, Қазақстандағы  Ресей серіктестігінің қолдауымен С.Бегалин кітапханасында ұйымдастырылған "Классика әлемі 2022" көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы нда мектебіміздің 5 «В» сынып оқушысы Жанатбек Азиза мәнерлеп оқу бағыты бойынша жүлделі 3-орынға ие болды.   50  мектеп қатысып, 250 -ге жуық  оқушы бақ сынасқан байқауда  оза шауып, жеңімпаздардың қатарынан көрінген талантты қызымызға алғыс айта отырып, алдағы
Сенім білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.
07
апрель
2022
Сенім білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.
Бүкіләлемдік қорғаныс күніне орай өткізілген айлыққа мектебіміз белсене қатысқаны үшін Түрксіб аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ж.Бозбаев мырзадан Алғыс хат алды.    
Педагогикалық оқулар байқауының жеңімпазын құттықтаймыз!
04
апрель
2022
Педагогикалық оқулар байқауының жеңімпазын құттықтаймыз!
Алматы қаласы ІY қалалық Педагогикалық оқулар байқауында "Жас педагогтың ізденуі" номинациясында ІІ орынға ие болған ағылшын тілі пәні мұғалімі Мекзам Әйгерім Қайратқызын жеңісімен құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
05
март
2022
Құттықтаймыз!
​https://www.instagram.com/p/Caq5fJmqO6l/?utm_=share_sheet​​​