Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
4-тоқсандық жиынтық бағалау өткізу кестесі
12
май
2025
4-тоқсандық жиынтық бағалау өткізу кестесі
ХАБАРЛАНДЫРУ!  Оқушылар мен педагогтер, ата-аналар назарына! 2024-2025 оқу жылының 4-тоқсанында жиынтық бағалауы бар пәндер бойынша 2-11-сыныптарға арналған ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) өткізу кестесі. Тоқсандық жиынтық бағалау 15-21.05.2025 аралығында (қоса алғанда) өткізіледі.  Кестені мектеп сайтынан да көре аласыздар.
Алматы қаласы Түрксіб ауданының жас мектеп директорларының  Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтауы
09
май
2025
Алматы қаласы Түрксіб ауданының жас мектеп директорларының Ұлы
Алматы қаласы Түрксіб ауданының жас мектеп директорлары Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Мектеп басшыларының орындауындағы Ұлы жеңіс символдарының біріне айналған, талай әскерді жандандырған “Көк орамал” әні мен 80 жылдыққа 80 оқушы қыздың орындауындағы биін қабыл алыңыздар. Еліміз аман, болашағымыз баянды болсын! ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі
08
май
2025
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай 2025 жылдың 8 мамырында ұйымдастырылды. «Жас Қыран» ұйымына 2 сыныптардан - 118 оқушы және «Жас Ұлан» ұйымына 5 сыныптардан - 120 оқушы, жалпы 238 оқушы қабылданды. Негізгі мақсат оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ұйымдастырушы: аға тәлімгер-К.Э.Перманова
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Майдан хаттары” қойылымын сахналады
08
май
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Майдан хаттары” қойылымын сахналады
№59 мектеп-гимназиясының мектепшілік “Айна” театры Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Майдан хаттары” қойылымын сахналады. Қойылым барысында көрермендер ерекше әсерге бөленді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық сенбілік
08
май
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық сенбілік
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық сенбілікке №59 мектеп-гимназиясының ұжымы мен оқушылары белсене қатысты. Іс-шара барысынды мектеп ауласы мен айналасы қоқыстан тазартылып, гүл отырғызылды.
7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай патриоттық әндер байқауы өтізілді.
05
май
2025
7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай патриоттық әндер байқауы
“Жұлдызды сәт” мектепішілік жобасы аясында 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай 7-8 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы өтізілді. Байқауға қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болып, дипломмен марапатталды.
“Жұлдызды сәт” мектепішілік жобасы аясында 1 мамыр-ынтымақ күні мерекесіне орай ұлттық би жарысы өтті
02
май
2025
“Жұлдызды сәт” мектепішілік жобасы аясында 1 мамыр-ынтымақ күні
02.05.2025ж. 5-6 сыныптар арасында “Жұлдызды сәт” мектепішілік жобасы аясында 1 мамыр-ынтымақ күні мерекесіне орай ұлттық би жарысы ұйымдастырылып, өткізілді. Байқауға 5-6 сыныптар бойынша 10 топ қатысты. Нәтижесінде қатысқан оқушылар жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлде: 6 “А” сыныбы 1-орын: 5 “А” сыныбы 2-орын: 5 “Г”, 5 “В”, 5 “Б” сыныптары 3-орын: 5 “Ә”, 6 “Ә”, 6 “Б”, 6 “В”, 6 “Г” сыныптары иеленді.  
“Білім беру үдерісіне заманауи әдістер” атты семинар өткізілді.
30
апрель
2025
“Білім беру үдерісіне заманауи әдістер” атты семинар өткізілді.
№59 мектеп-гимназия ұстаздары мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары арасында тәжірбие алмасу мақсатында “Білім беру үдерісіне заманауи әдістер” атты семинар өткізілді. Семинарда заманауи әдістер, технологияларды меңгеру, жасанды интеллект қолдану қазіргі заман талабы екендігі талданды. Семинар спикерлері: Батырова Комус Ислямовна б.ғ.к, доцент; Демеуова Лязат Нұрмұхановна п.ғ.к, қауым. профессор м.а.; Саимова Рита Ургенчбаевна PhD, аға оқытушы; Ибадулла Мерей
«Мәселені бірлесіп шешеміз» атты антинаркотикалық алаң
29
апрель
2025
«Мәселені бірлесіп шешеміз» атты антинаркотикалық алаң
Түрксіб ауданындағы «Мәселені бірлесіп шешеміз» атты антинаркотикалық алаң №59 мектеп-гимназиясында кәмелетке толмағандар арасындағы суицид пен нашақорлықтың алдын алу тақырыбына арналған кездесу өтті. Кездесуге білім беру бөлімі, мектеп психологтары және мектеп өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары қатысты. ⠀ Кездесу барысында жастар арасында салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру және тәуекелдерді ерте анықтау жолдары талқыланды. ⠀ Мектеп өзін-өзі басқару ұйымдарының негізінде
"Адам папиллома вирусы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді
28
апрель
2025
"Адам папиллома вирусы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді
Адам папиллома вирусы әлемдегі қауіпті вирустардың бірі. Оның алдын алу өте маңызды болып саналады. Осы орайда «№59 мектеп-гимназия» ұжымында №9 Қалалық Емхана мамандарының түсіндіруімен ата-ананаларға онлайн форматта жиналыс өтті. Жиын барысында медицина мамандары аталған вирустың алғашқы белгілері қандай болатынын, оның зардабы мен алдын алу шарашаларын түсіндірді.  Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.