ЕРЕКШЕ ЖЕТІСТІГІ ҮШІН ГРАМОТАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президенті, белсенді баламыз Молдабергенов Олжас «Мен – көшбасшымын» мектеп және студенттер парламенттері көшбасшылары слетінің аудандық кезеңінде көрсеткен ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталып, мектебіміздің мерейін тағы асырып отыр. Баламызға, «Жарайсың!» деп игі тілек білдіреміз. Мектебіміздің президенті, көптеген игілікті шаралардың ұйытқысы Олжас Молдабергенов өткен жылы көптеген дауыспен президент болып, аз ғана уақытың ішінде біраз байқаулар мен іс-шараларға қатысып үлгерген еді. Енді міне, ерекше жетістігі үшін грамотамен және сертификатпен марапатталып, биіктен көрініп отыр. Осы ретте Олжас баламыздың жетекшісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха апайымызға осындай балаларға жетекшілік жасап, бағыт-бағдар беріп жүргеніне ризашылық сезімімізді білдіре отырып, оқу-тәрбие ісіндегі жұмыстарына мол табыстар тілейміз.