Алматы қаласы Түрксіб ауданы ПБ ОЮП ООБ УП-ның аға лейтенанты
Алматы қаласы Түрксіб ауданы ПБ ОЮП ООБ УП-ның аға лейтенанты Базылжан Бекзат Тұрақбайұлы 7–9 сынып оқушыларымен «Әрекет және әрекетсіздік» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында инспектор өмірлік мысалдар келтіре отырып, кей жағдайда қарапайым араласпаудың өзі құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін екенін түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларға жауапкершілік, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіптің маңыздылығы туралы айтылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.