Ведомствоаралық сараптамалық топ мониторингісінің АКТ-сі
Түрксіб ауданы білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасын бақылау мақсатында 2025 жылдың 24 қаңтарында ведомствоаралық сараптамалық тобы кесте бойынша өз жұмысын бастады. №59 мектеп-гимназия асханасының жай-күйін, тамақтану сапасын, санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай болуы, бракеражды комиссия жұмысы, құжаттамаларды зерделеу жүргізілді.