06
январь
2023
ҚАЛАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ.
Алматы қаласы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» атты қалалық конкурсының жеңімпазы Енсебаева Ләйла Төлеукенжеқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын дейміз. Әріптесіміз, ұлағатты ұстаз Ләйла Төлеукенжеқызына алдағы уақытта да осындай биік белестерден көрініп, табыстан табысқа жете беруіне тілектеспіз.