Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алғыс айту - парызым! тақырыбында өткізілген сынып сағаттары
01
март
2018
Алғыс айту - парызым! тақырыбында өткізілген сынып сағаттары
01.03.2018ж.  Алғыс айту күніне орай №59 мектеп – гимназиясында «Алғыс айта білеміз бе?, Алғыс айту – парызым» тақырыптары аясында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар ашық хаттар арқылы ата-аналарына, ұстаздарына, достарына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.               
Алғыс айту күні
01
март
2018
Алғыс айту күні
01.03.2018ж. Алматы қаласы Түрксіб ауданы Білім бөлімінің  ұйымдастыруымен, Алғыс айту күніне орай  «Халықтар достығы» фестивальі өткізілді. №59 мектеп-гимназиясының 3 - сынып оқушылары Умирзакова Жандос, Ғалымжанов Әмірхан өте белсенді қатысып, көпшіліктің алғысына ие болды.               
Айтыс - 2018
27
февраль
2018
Айтыс - 2018
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Менің Отаным - Қазақстан» атты қалалық жас ақындар айтысына Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жолдас Фариза қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Жабаева Г.М. Шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!      
Таеквондодан республикалық ашық турнир
27
февраль
2018
Таеквондодан республикалық ашық турнир
Қарасай батырды еске алуға арналған таеквондодан, жасөспірімдер және жеткіншектер арасындағы 13-ші Республикалық ашық турнирге  №59 мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сынып оқушысы Нұржан Ерасыл 10-11жас, 30 кг салмақта қатысып І орынға ие боды.            
Қалалық семинар
20
февраль
2018
Қалалық семинар
2018 жылдың 20 ақпан күні «Жаңартылған білім мазмұны аясында вариативті оқу бағдарламасының мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар» тақырыбында Алматы қаласы Әуезов аудан №5 МГ-да қалалық семинар өтті. Жаңартылған бағдарлама бойынша толық нұсқау беріп, оқудағы қиыншылықтарды кедергісіз жеңуге №59 МГ тренелері – ДОТІЖО Даулетбаева Г.А., биология пәні мұғалімі: Ибраимова Б.Т., география пәні мұғалімі: Арзикулова Г.А. сіңірген үлестері зор. Тренерлер үнемі дұрыс бағдар беріп, әр әдіс-тәсілдің
Аудандық семинар
13
февраль
2018
Аудандық семинар
Аудандық семинар  Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу , үштілділікті берік қолға алумен тығыз байланысты . Мектеп қабырғасында балаға бірнеше тілді үйрету – заман талабы . Осыны ескерген № 59мектеп-гимназиясында мектеп басшыларына арналған "Үштілділік мәселелері мен келешегі" тақырыбында аудандық семинар өтті.   Жеткіншектерді үш тілде оқыту – заман талабы десек , оның негізгі мақсаты - бірнеше тілді меңгерген , әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті , мәдениетті тұлғаны дамыту
Есіңе мені алғайсың
12
февраль
2018
Есіңе мені алғайсың
12.02.2018ж. №59 мектеп-гимназиясында қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби – музыкалық кеш өткізілді. Жетекші мұғалім: Жабаева Г.М.                         
Өзін-өзі тану
11
февраль
2018
Өзін-өзі тану
Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі-қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы аясында 12.02.2018ж. №59 мектеп-гимназиясында 1-11 сыныптар арасында ашық сабақтар өткізілді.                  
"Мұқағали - поэзия пайғамбары"
10
февраль
2018
"Мұқағали - поэзия пайғамбары"
Ақпан айының 9 жұлдызында №59 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптар арасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Арманы аққудың қанатында» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты, Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жырлайтын Мұқағали мұрасы, поэзиясымен танысу. Кешке қатысқан оқушылар мен ұстаздар ақынның шығармашылығы туралы