Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
бірлестік отырысы
26
март
2018
бірлестік отырысы
26.03.2018ж. Көктемгі демалыс уақытында жұмыс жоспарына сәйкес әр бірлестікте «Әдістемелік-бірлестік» отырысы өтті.            
Ата - аналар назарына
21
март
2018
Ата - аналар назарына
Құрметті ата-аналар ! Қазіргі кезде жас ұрпақ арасында нашақорлық пен уытқұмарлық мәселесі күннен-күнге өршіп келе жатқандығына Сіздердің назарларыңызды аударғымыз келеді.  Өз балаңызды зиянды әдеттерден сақтағыңыз келе ме? Онда біздің беретін бірер кеңесімізді оқыңыз: Себептердің бірі – қызығушылық, өзіне беймәлім әсер алғысы келу болса, екіншісі – белгілі бір топқа қосылу. «Ұмыту» және өмірден рахат алу сезімі жасөспірімді нашақорлыққа жиі итермелейді. Ата-аналар көбіне баласының есірткі
Ашық тәрбие сағаты
19
март
2018
Ашық тәрбие сағаты
6 «В» сынып жетекшісі: Агибаева М.К. "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.            
Х қалалық "Жарқын болашақ" олимпиадасы
17
март
2018
Х қалалық "Жарқын болашақ" олимпиадасы
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 17.03.2018ж. өткен, «Жарқын болашақ» Х қалалық қазақ тілі олимпиадасында «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша №59 мектеп-гимназиясының 8 «Б» сынып оқушысы Асым Балауса жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Кыпшакова Дариға.     Шын жүректен құттықтаймыз!!!        
25 кітап жобасы
16
март
2018
25 кітап жобасы
Оқушыларымызды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, көркем шығармаларды оқуға деген ынталарын ояту мақсатында екінші жыл қатарынан №59 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Торғанбеков Асан Ержанұлы «25 кітап» жобасын өте жоғары деңгейде өткізді. 7 сыныптар арасында өткен сайыс өз нәтижесін жемісті көрсетті. Сонымен қатар «Кітап – өмір азығы» атты эсселер жинағының түсаукесері болды.            
А.Байтұрсынов оқулары
14
март
2018
А.Байтұрсынов оқулары
Қазақтың бес арысының бірегейі, көрнекті ғалым, публицист аудармашы, ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа арналған қалалық ғылыми-жобалар сайысына №59 мектеп-гимназиясының 7 «А» сынып оқушысы Арыстанбекқызы Жанерке қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.      
Қыз Жібек пен Төлеген
13
март
2018
Қыз Жібек пен Төлеген
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай өткізілген, «Қыз Жібек пен Төлеген» аудандық байқауында бас жүлде иеленген №59 мектеп-гимназиясының ең әдемі жұбы Қыдырмолла Мирас және Әскерхан Алтынайды шын жүректен құттықтаймыз!!!                                
Волейболдан жарыс
12
март
2018
Волейболдан жарыс
10.03.2018ж. Алматы қаласы Түрксіб ауданы мектептірінің арасында волейболдан аймақтық жарыс өткізілді. №59 мектеп-гимназия командасы І орынды иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз!!!    
Тілдер апталығы
12
март
2018
Тілдер апталығы
 «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде   танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Ағылшын тілі бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Үштілділікті қолдау мақсатында 10.03.2018ж. №59 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің