Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ "Суықторғай"
25
январь
2018
Ашық сабақ "Суықторғай"
4 «В» сынып мұғалімі Кудайкулова Гулжахан әдебиеттік оқу пәнінен  «Суықторғай» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ саяхат желісінде ұйымдастырылған. Сабақ түрленген және балалардың белсенділігімен қызықты өтті. Балалар мен мұғалім арасындағы ара-қатынас жақсы жүргілізе отырып, оқушылар мұғалімнің талабын жоғары деңгейде орындады. Оқушылардың белсенді қатысуымен сабаққа қойылған мақсатқа жетті.                          
Ашық сабақ "Түбір мен қосымша"
25
январь
2018
Ашық сабақ "Түбір мен қосымша"
2 «А» сынып мұғалімі Сейтжанова Айсулу  қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша» тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Ой қозғау» стратегияларын қолданды. Оқушының жан-жақты жұмыс жасауына және білім алуына жағдай жасалды. Жұппен жиі, топпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен араласып, ой бөлісіп, талқылай салыстырып, өз ойларын ортаға салды. Оқушылардың сөздік қоры мол, пікірін еркін айта алатыны байқалды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы көрінді. Сабақта уақытты ұтымды пайдаланды.
Ашық сабақ "Ақ шаш. Ана "
25
январь
2018
Ашық сабақ "Ақ шаш. Ана "
25.01.2018ж. 3 «Ә» сынып жетекшісі: Сагындыкова Айжан  әдебиеттік оқу пәнінен сыныбымен «Ақ шаш. Ана» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді, сабақ барысында топтық жұмыс, өзара бағалау технологияларының элементтері көрініс тапты. Сабаққа қатысқан әріптестер тарапынан сабақ соңында талқылау жүргізіп жоғары әдістемелік деңгейде өткізілгенін атап өтті.                          
Ашық сабақ "Көмектес септігі"
25
январь
2018
Ашық сабақ "Көмектес септігі"
25.01.2018ж. 4 «А» сынып жетекшісі: Клышмаганбетова Гулмира  қазақ тілі пәнінен сыныбымен «Көмектес септігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді, интерактивті тақтада слайдтар қолданып, қызықты да тиімді өткізді. Сабақта шығармашылық тапсырмалар, сергіту сәті, ойынға оқушылар белсенді қатысты. Сабақ қызықты өтті, мақсатына жетті.                
Ашық сабақ "Түбір мен қосымшаның жазылуы"
25
январь
2018
Ашық сабақ "Түбір мен қосымшаның жазылуы"
25.01.2018ж. 3 «В» сынып жетекшісі: Тлеуова Маншук қазақ тілі пәнінен сыныбымен «Түбір мен қосымшаның жазылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар  белсенділігі жоғары деңгейде байқалды.       
Бастауыш сынып онкүндігі
24
январь
2018
Бастауыш сынып онкүндігі
24.01.2018ж. №59 мектеп - гимназиясының бастауыш сыныптарында «Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбында онкүндік бастау алды. Мектеп фоесінде оқушылар шығармашылығының көрмесі қойылды. Сонымен қатар оқушылардың «Көңілді қыс қызықтары» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.                  
Қалалық олимпиада - 2018
17
январь
2018
Қалалық олимпиада - 2018
№59 мектеп-гимназия оқушылары Кулбаева Аружан «биология» пәні, Өткірқызы Зарина және Қапланбек Жансая «математика» пәні, Молдатаева Әсем «география» пәні, Дүйсенбек Әмина «Қазақстан тарихы» пәні, Ержанова Еркежан «құқықтану» пәні, Қыдырмолдина Томирис «орыс тілі» пәндері бойынша қалалық олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшілік еткен ұстаздар мен жүлделі орынға ие болған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!            
Қалалық ғылыми жобалар конкурсы
17
январь
2018
Қалалық ғылыми жобалар конкурсы
№59 МГ оқушылары Сәрсенбек Назым және Қонысбек Мөлдір «математика» пәні, Қайыржан Виолетта және Есенгелді Абай «математика» пәні,  Теміралиева Аружан және Жұмағалиева Диана «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні, Нақа Айшат және Нұрқабекова Алуа  «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні, Серікбол Кәусар «Қазақстан тарихы» пәні, Әділхан Тамерлан және Қожахметов Батырлан «орыс тілі» пәндері бойынша қалалық ғылыми жобалар конкурсына қатысып жүлделі  2/3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Шын
Ата - аналар жиналысы
16
январь
2018
Ата - аналар жиналысы
Қазіргі таңда мектептер үшін   ата-анамен жұмыс жүргізу басты бағытта. Бала тәрбиесінде ата-аналар да   өздерінің баласы үшін басты педагог екенін естен шығармай, осы үрдісті үздіксіз   жалғастыруға міндетті. Осы  орайда ата-анаға бағыт ,бағдар беруші   ұстаздар. Бүгінді таңда ақпараттың кеңістік ауқымын кең жайып отырған заманда   ата-ана жиналысын «дәстүрлі» түрде бір сарынды жүргізу өзінің маңыздылығын   жойып келеді. Бүгінгі ата-ана мен кешегі ата-ананы