Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ СЕИТКҮЛОВА БАЛНҰР БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, КММ №59 мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі
19
октябрь
2021

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ СЕИТКҮЛОВА БАЛНҰР БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, КММ №59 мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ СЕИТКҮЛОВА БАЛНҰР БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, КММ №59 мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың маңызды бағытының бірі- логикалық ойлау қабілетін дамыту. Осы процесс қазіргі таңда педагогика саласының өзекті мəселі болып табылады, оған көптеген оқу бағдарламалары мен əдістемелік əдебиеттеріндегі зерттеулер дəлел. Логикалық ойлау қабілетін əр түрлі əдістермен мектепте, үйде дамытуға болады, бірақ қандай əдістер тиімді екені, əрбір мұғалім мен ата–анаға белгісіз. Баланың жас ерекшеліктеріне, өсу деңгейіне байланысты логикалық тапсырмалар өзгеріп отырады. Сондықтан баланың жасына тəн емес тапсырмаларды беріп, баланың ынтасын қашырып алуға, өзіне деген сенімсіздік оянып, негативті əсер беру мүмкіншілігі де бар. Сондай - 40 - себептердің салдарынан, кейде жоғары сынып оқушылары логикалық тапсырмаларды орындауға қиналып жатады. Бала мектепке бару кезеңінде, оның психикалық дамуы жоғары деңгейде болады. «Баланың əр жас кезеңінде əрбір психикалық процестің дамуымен сипатталады. Бала кішкентай кезінде қабылдау процесі қалыптасады, балабақшаға бару кезеңінде есте сақтау қабілеті қалыптасады, ал мектепке бару кезеңінде ойлану қабілетінің дамуы жүзеге асады». Бастауыш сынып оқушыларының ойлануының өз ерекшеліктері бар. Дəл осы кезеңде алдыңғы көрнекі – бейнелі ойлану, сөйлеу-логикалық, түсініктеме түріне ауысады. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өте маңызды. Бастауыш сынып оқушылары үнемі логикалық тапсырмаларды орындау арқылы, өздерінің логикалық ойлау қабілетін дамыта алады. Сонымен мұғалімнің оларға көмегі төмендегідей: Қоршаған ортамен байланыс жасау; Дұрыс түсінік қалыптастыру; Теория жүзінде үйренгенін тəжірибиеде қолдану; Ойлау операциялар көмегімен талдау (қорытындылау, салыстыру, классификациялау, синтездеу, жəне т.б.). Осының барлығы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дұрыс жасалынған педагогикалық жағдайлар ғана дамыта алады. Мұғалімнің міндеті əр баланың жеке даралығын ескере отырып, потенциалды қабілетін дамыту жəне ашуға жағдай жасау. Баланың логикасын дамыту əдістерін оқу үрдісіне енгізу Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан əр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану қажет. Бастауыш сыныптарда математика сабағынан балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. А.Н. Леонтьев «Логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. «Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқутəрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынадай талаптарды басшылыққа алдым: Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту; Жеке дара қасиеттерін ескере білу; Іс-əрекетке қызықтыра білу Білім беру мазмұны кейбір пəндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық ойлауы мынадай жолдармен дамиды: Ақыл-ой əрекеті үстінде; Білімді меңгеру; Тіл үйрену; Жылдам есептеу. Затты əрекеттік. Көрнекі-бейнелі. Сөздік логикалы. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Өз сабағымда мына есептерді мəтіннің мағынасына мəн бере отырып - 41 - шығаруды тапсырдым. Нəтижесінде оқушылар есепті мұқият тыңдап отырғанда ғана шынайы нəтижеге қол жеткізуге болатындығын ұғынды. Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан - ақ математикалық білімді ғылымның жоғары дəрежесі ретінде қабылдаған. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады. Оқушылардың жеке тұлғасын, рухани əлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мəселелерінің бірі. Өйткені оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетімен білімді пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақта əр түрлі, жан – жақты болуы керек. Оқушының математикалық ойлауы дамуы үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс. Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіру. Пəнге қызығып, оған көңіл қойып, тереңдете оқып үйрену. Сабақ барысында қолданылатын ойындарға, математикалық сайыстарға, жарыстарға қатысу. Осы мəселе тұсындағы өзім жүргізіп жүрген шаралармен таныстырайын. Есеп шығару көбінесе байқап көру, іздену үрдісімен жүреді. Ойша болжай білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Аңғарымпаздық өз білімін пайдалана білудің көрсеткіші. Осы мақсатта күнделікті сабақта 1 - 4 сыныптарда дəстүрден тыс қолданылатын əдіс – тəсілдерге: математикалық ойындар, ауызша есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданылады. «Ойлан тап!», «Кім жылдам?», «Тез есепте!» секілді ойындар ойнатуға болады. Бұл ойындарға логикалық ойлаудың деңгейін көтеру мақсатында төмендегідей есептер сабақ басында немесе сабақ соңында беруге болады. Өз сабақтарымда жиі қолданатын тапсырмаларым мынадай: Логикалық есептер Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай? Бақытжанның 4 ұлы, олардың əрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? Немересі атасынан: "Жасың нешеде ? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт жəне тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде? Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? Бөлмеде 12 балапан, 3 қоян, 5 күшік, 2 мысық, 1 əтеш жəне 2 тауық болды. Осында тағы ит жəне оның қожайыны кірді. Бөлмеде қанша аяқ бар? Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше үй жануары болуы мүмкін? Ағашта 5 балық қонып отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? Аулада тұрған əр түрлі көліктердің дөңгелектерінің саны он. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед болуы мүмкін? «Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тəрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ - 42 - оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады: Қызығушылығын арттыру; Ойлау жəне қабылдау қабілетін дамыту; Шығармашылық ізденісін дамыту. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дəріс моделін құрастыруға болады. Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады: Машық. Сергіту; Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау); Іздену тапсырмаларын орындату; Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тəрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату. Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері: Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар); Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мəтел, логикалық есептер, қалжың есептер). Шығармашылық тапсырма ретінде оқушының өзі жұмбақ есептерді құрай алады. Əр оқушы бір жолдан сөз жаза отырып, бес немесе алты жолды жұмбақ есептер құрауы мүмкін. Нешеу болды барлығы? Сабақ барысында Қазыбек Əлішер деген оқушы өзі ғана мынадай есеп құрапты: Екі қасқыр, сегіз қоян, Жеті қораз, тоғыз жылан, Екі бұғы, сегіз түлкі, Нешеу болды барлығы? Жауабын оқушылар қағаздарына түртіп ала отырып шығарды. Сыныптың жартысы шығармашылық тапсырманы орындап, белсене, қызыға қатысты. Үш асқабақ, бес сəбіз, Жеті қызылша, төрт картоп, Бес қызанақ, алты пияз, Нешеу болды барлығы? Нəтижесінде оқушылар жемістер, құрал-саймандар, жан-жануарлар жəне көліктерді пайдалана отырып өздері математикалық жұмбақтар құрады. «Нешеу болды барлығы?» сөзінің орнына кез келген ұйқастағы сөздерді де пайдаланып, оқушының өз таңдауына беретін болса, балалар түрліше есептерді құрап отырады. М.Жұмабаев «Ойлау – жанның өте бір қиын терең ісі. Жас балаға тым ауыр. Сондықтан мұғалім оқушының ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап істеу керек» деген. Логикалық ойлау оқушының тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға əсер етеді. Геометриялық фигураларды өмірмен байланыстыру арқылы оның қасиеттерін түсіндіретін болсақ, баланың есінде жақсы сақталады. Геометриялық фигуралардан белгілі бір суреттерді құрастыру тапсырмаларын беруге болады. Əр топқа қиылған геометриялық фигураларды беремін. Оқушылар топпен ақылдаса отырып өздері сурет құрастырады. Құрастырған суретінен неше ұшбұрыш, төртбұрыш, шаршы бар екендігін анықтап, олардың қасиеттеріне тоқталып өтеді. Математика сабақтарында логикалық тапсырмаларды көптеп қолданудың нəтижесінде оқушылар математика сабағын асыға күтіп, барлық ынтасымен дайындалатын болады. Есептің қиындығынан қорықпай, қызықты есептер көп екендігіне сеніп, математика сабағын басқа қырынан тануға көмек береді.