АҒАЙЫНДЫ ЕКІ ОҚУШЫ І ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АҒАЙЫНДЫ ЕКІ ОҚУШЫ І ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.
10
май
2023

АҒАЙЫНДЫ ЕКІ ОҚУШЫ І ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.

     Бүгін мектебімізде шахмат ойыны бойынша мектепішілік турнир өтті. 5- 6 және 7-8 сынып оқушылары қатысқан сайыс олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылып, балалар өзара біліктіліктерін ортаға салды.  Денешынықтыру пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында өткен сайыс тартысқа толы болып, кейбір жұптар тіпті екі сағаттан астам ойнап жатты. Нәтижесінде 5 және 6 сынып оқушылары арасында өткен сайыста 1-орынды Кенжебек Батырали, 2-орынды Юсуп Нұрислам, 3-орынды Ғабит Алдияр жеңіп алса, 7-8 сынып оқушылары арасында өткен сайыста 1-орынды Кенжебек Бексұлтан, 2-орынды Қылышбай Аңсар, 3-орынды Абдырей Әділбек жеңіп алды. Осылайша бір отбасының екі баласы 1-орындарға ие болды. Құтты болсын дейміз.  
 Жалпы оқушылар арасында соңғы уақыттарда шахматқа деген қызығушылық артып, жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрса екен деген өтініш-тілектер білдіруде. Осыған байланысты бұл мәселе күн тәртібіне қойылып, алдағы оқу жылында арнайы жоспарлар құрылмақшы. Бүгінгі мектепішілік турнирге жауапты болғандар – аға тәлімгер Едігетегі Қанат, денешынықтыру пәні мұғалімдері Акимжанов Жанат, Ибраимов Серікбол.