БҮГІН МЕКТЕБІМІЗДЕ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БҮГІН МЕКТЕБІМІЗДЕ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ ӨТТІ.
13
март
2023

БҮГІН МЕКТЕБІМІЗДЕ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ ӨТТІ.

     Жастар арасында жаппай өріс алып, кеңінен насихатталып жатқан ұлттық ойындардың бірі- «Тоғызқұмалақ» ойыны.«Қойшының алгебрасы» деп те айтылатын аталмыш ойын түрі негізінде ақыл-ойды дамытып, балалардың интеллектуалдық қабілетін арттыруға, ойын жинақтауға, сондай-ақ сабырлы, ұстамды болуға көп ықпал етеді. Міне, осы мәселелерді басшылыққа ала отырып, бүгін мектебімізде аталмыш ойын түрінен турнир ұйымдастырылды. 5 пен 6 және 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген сайыста оқушылар өзара бақтарын сынасып, қаншалықты мықты екендіктерін көрсетуге тырысты. Нәтижесінде 5-6 сынып оқушылары арасында 1-орынды Еңбек Аяла (5 «Ә» сыныбы), 2-орынды Муапық Айзада (6 «Б» сынып), 3-орынға Бектембаева Алина (5 «Ә» сыныбы») ие болса, 7-8 сынып оқушылары арасында 1-орынды Інібай Мерей (7 «Б» сыныбы), 2-орынды Ақпейіс Нұртөре (8 «Ә» сыныбы), ал 3-орынға Асқар Бексұлтан (7 «В» сыныбы) жайғасты. Осылайша бүгінгі турнир өз мәресіне жетіп, ең үздіктері анықталды. 

    Аталмыш турнирді ұйымдастыруға ұйытқы болған - «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» мектепішілік бөлімінің аға тәлімгері Қанат Едігетегі,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Медет Ерсариев және дене шынықтыру пәні мұғалімдері.