«ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.
17
февраль
2023

«ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

      Өткен аптада №59 мектеп-гимназиясында мектепішілік «Жас шахматшы» турнирі ұйымдастырылып, осы аптада жоғары нәтижеге ие болған жеңімпаздары марапатталды. 70-ке жуық оқушы қатысқан турнир олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылып, жас ерекшеліктері бойынша өткізілді. Нәтижесінде 3-сынып бойынша І орынды Калелов Аслан, ІІ орынды Жағыпар Іңкәр, ІІІ орындарды Құдайберген Ерали және Кеңшілік Бейбарыс жеңіп алды. 4-сыныптарда І орынға Амангелді Ерали, ІІ орынға Ерисұлы Жомарт, ІІІ орынға Ережеп Інжу ие болды. 5-6 сыныптар бойынша І орынды Юсупов Нұрислам, ІІ орынды Аббазбек Диас, ІІІ орынды Нұрмұхамед Айбек жеңіп алды. 7-8 сыныптарда І орынды Абжет Ерасыл, ІІ орынды Айғалин Нұрәлім, ІІІ орынды Кенжебек Бексұлтан жеңіп алса, 9-10 сыныптарда І орынға Нұржан Ерасыл, ІІ орынға Беркутбаев Рахат, ІІІ орынға Сайран Әділ ие болды. Осылайша интеллектуалдық сайыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаздары грамоталармен марапатталды. Дарынды шахматшылар арнайы тізімге алынды.  Дарынды шахматшыларды анықтау және қолдауды, сонымен қатар оқу-танымдық қызметті ынталандырып, оқушылар арасында шахмат ойынын насихаттауды мақсат еткен турнир өз дәрежесінде өтіп, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыра түсірді. 

     Аталмыш турнирді ұйымдастыруға ұйытқы болған – «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» мектепішілік бөлімінің аға тәлімгері Қанат Едігетегі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Медет Ерсариев және денешынықтыру пәні мұғалімдері.