ОНКҮНДІК АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АШЫҚ САБАҚТАР МЕН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОНКҮНДІК АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АШЫҚ САБАҚТАР МЕН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.
05
май
2023

ОНКҮНДІК АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АШЫҚ САБАҚТАР МЕН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.

     Бүгін денешынықтыру пәні бірлестігінің онкүндігі аясында кезекті ашық сабақтар өткізіліп, жоспарға сай жүзеге асырылды. Бастауыш сыныптарда «Түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру. Бір орыннан ұзындыққа секіру» тақырыбында пән мұғалімі Байсмаков Олжастың 2 «А» сыныбына өтсе, «Жүгіру және оның түрлері» тақырыбында 3 «Ә» сыныбына Тұрғанбаев Өркеннің ашық сабағы өткізілді. Ойын, жүгіру, секіру дегенді жан-тәні жақсы көретін бастауыш балалары бұл жолы да құлшыныс білдіріп, сабақтарда өздерін сергек ұстады. Ағайларының айтқандарын екі етпей, барлық тапсырмаларды орындап, сабақтардың жақсы өтуіне барынша атсалысты. Сонымен бірге "Жеңіл атлетика. Ұзындыққа секіруден" 9-11 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара өткізіліп, жоспарға сай ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға жауапты болғандар – пән мұғалімдері Алибекова С.Б., Отенов М.О. Осылайша онкүндік аясындағы кезекті  ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтіп, өз мәресіне жетті. 

Еске сала кетсек, 2-ші мен 12-ші мамыр аралығында денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндері бірлестігінің онкүндігі өтіп жатыр. Алдағы 10-11 мамыр аралығында 5-8 сынып оқушылары арасында шахматтан мектепішілік турнир ұйымдастырылады. Аталмыш сайысқа жауапты болатындар – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, аға тәлімгер Қанат Едігетегі, денешынықтыру пәні мұғалімдері Акимжанов Жанат, Ибраимов Серікбол.