ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТЫҢ 105 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТЫҢ 105 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ.
13
март
2023

ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТЫҢ 105 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ.

      Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі аясында бейсенбі күні аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына орай іс-шара өтті. Іс-шарада «Жау тылындағы бала» шығармасының желісі бойынша 7-сынып оқушылары сахналық қойылымдар қойып, өзара сынға түсті. Өте тартысты, қызықты, оқушылардың актерлік шеберліктері мен творчестволық қабілеттері ортаға түскен байқау  жалпы онкүндік аясындағы ең айтулы іс-шара ретінде ерекшеленді. Балалар өздерін қаншалықты талантты, белсенді, шығармашыл екендіктерін барынша көрсетуге тырысып бақты. Декорация, фон, қағаз-картоннан жасалған вагондар, фашистердің формасы, қарапайым тұтқындардың киімдері...  тура театрландырылған көрініс берді.  Тартысты өткен байқау нәтижесінде 1-орынды 7 «Б» сынып оқушылары жеңіп алса, 2-орынды 7 «В» сынып оқушылары, ал 3-орынға 7 «Г» сынып оқушылары жайғасты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара барша көрермендердің көңілінен шығып, естен кетпестей әсер қалдырды. Осы ретте оқушыларға қолдау беріп, сахналық қойылым қоюға көмектескен жетекшілеріне, мұғалімдеріне ризашылық сезімдерімізді білдіре кетсек дейміз.  Ал аталмыш іс-шараға жауапты болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сейдазимова Элеонора Шариполлақызы мен Такежанова Бақыт Ахатқызына алғыс айтамыз.