МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ.
07
март
2023

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ.

    Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай 9-сыныптар арасында «Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?» деген тақырыпта сөзталас өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Гүлбаршын Жабаева мен Аида Балтабаева аталмыш іс-шараны жүргізіп, қызу да таласқа толы пікірсайыстың ұйытқысы болды. «Алаш» пен «Жалын» болып, екі топқа бөлінген оқушылар, бірі даттаушы, бірі жақтаушы болып, Махамбет жырындағы «...ерлердің ісі бағаланды ма?» деген тақырыпта сөз таластырып, ой-пікірлерін ортаға салып, дәлелдеуге тырысып бақты. Нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімімен «Алаш» тобының оқушылары басым, айтқан дәлелдері мен пікірлері нақты делініп, жеңісті осы топқа   берді. Жалпы бүгінгі сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың сөз таластырудағы қабілет-қарымдары бағаланып, дебатқа қаншалықты дайын екендіктері сараланды. Өз тарапымыздан аталмыш іс-шараны өткізуге мұрындық болған мұғалімдерге алғыс сезімімізді білдіре отырып, талапты оқушыларды тәрбиелеудегі істеріне табыстар тілейміз.