ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ.
27
сентябрь
2022

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ.

        Жылдағы дәстүр бойынша елімізде қазан айының алғашқы жексенбісі «Ұстаздар күні» мерекесі ретінде аталып өтеді. Осыған байланысты Қазақстан мектептерінде апта бойы түрлі іс-шаралар өтіп, игі жұмыстар ұйымдастырылады. Бүгін біздің №59 мектеп-гимназиясында аталмыш мерекеге орай  1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Өткізілген сынып сағаттарында оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұстаздар жайлы мақал-мәтелдер оқып, шығармалар жазды. Жетекші апайлары мен пән мұғалімдерін қуанту үшін «Мектептің жүрегі – мұғалім», «Адамзаттың ұлы ұстаздары» дегендей тақырыптарда эсселер жазып, ішкі ой, лебіздерін білдіруге тырысып бақты. Бұндай игілікті жұмыстар оқушылардың бойында ұстаздарына деген ізгі сезімдерін оятып, қадір-құрметін арттыруға септігін тигізеді. Оқушы, ұстаз арасындағы сенім, жылы қарым-қатынас қалыптастырады. Аталмыш іс-шараларға жауапты ДТІЖО Д.Кыпшакова және сынып жетекшілер.