Мақал-мәтелдер сайысы өтті. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мақал-мәтелдер сайысы өтті.
11
июнь
2022

Мақал-мәтелдер сайысы өтті.

          Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекетін дамыту еліміздегі білім беруді жаңартудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Әрі оқушы белсенділігін арттырып, әдеби кітаптарды оқуға деген қызығушылықтарын ояту бүгінде маңызды міндеттердің бірі. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Жобаға сәйкес біздің мектеп-гимназиямызда тұрақты жұмыс жоспары бекітіліп, мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналардың қатысуымен байқаулар және түрлі сайыстар өткізілуде. Мәселен, кеше мектебіміздің мәжіліс залында ардагер ата-ананың қатысуымен Жазғы мектептің 5-сынып оқушылары арасында мақал-мәтелдер сайысы болды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха мен мектеп кітапханашысы Қабытаева Назираның ұйымдастырумен өткен аталмыш сайысқа оқушылар белсене қатысып, білімдерімен тартысқа түсті. Қанатты сөздер мен нақылдарға деген қызығушылықтарын қуана көрсетті. Балалардың танымы мен ой-өрісін дамытып, сөздік қорын байытатын осындай әдеби іс-шараның мән-маңызы үлкен екендігіне тағы бір көз жеткізеді. Сондықтан да әдеби білім мен рухани құндылықтарды беру балалардың жан дүниесін байытып қана қоймай, тұлға ретінде қалыптасуына, келешекте бәскеге қабілеттілігін арттырып, қоғамда табысты болуына игі әсерін тигізеді.