«Кітап – білім бұлағы» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап – білім бұлағы» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
13
май
2022

«Кітап – білім бұлағы» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.

Бүгін мектебімізде «Алматы БалаFEST» фестивалі аясында «Кітап – білім бұлағы» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Жастар арасында әдеби шығармаларды насихаттап, кітап оқуға деген құмарлықтарын арттырып, әдеби, шығармашыл орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отырған аталмыш байқау мектеп оқушыларын үлкен қызығушылыққа бөлеп, қатысуға деген ынта-жігерлерін арттырды. Байқау бес бағыт бойынша, атап айтар болсақ, «Біздің сыныптың ғажайып кітабы», «Кадрда оқу», «Шешендік өнер», «Әдеби қолтырауын» ойыны, «Менің сүйікті кітабым» акциясы секілді бағыттарда жүргізіліп, орта және үлкен топтағы оқушылар арасында өткізілді. «Біздің сыныптың ғажайып кітабы» және «Менің сүйікті кітабым» бағыттары бойынша Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі басты шығарма етіп алынып, бейнероликтер түсіріліп, кеңірек насихатталып, оқушыларды сынып сынып бойынша жарыса оқуға шақырылды. Өзге бағыттарда да осы шығарма төңірегінде өріс алып, шығармадағы басты кейіпкер Қожаның әрекеттеріне баға беріліп, жақсы қасиеттері  мен жаман жақтарын талқылап, оқушылар арасында пікір таластар, ой-толғаныстар, түйінді сөздері ортаға салынды. Тақырып бойынша бейнеформаттағы буктрейлер, сондай-ақ поэтикалық баттл бойынша оқушылар өздерінің шығармаларын, өлеңдерін орындады. "Әдеби қолтырауын" ойынында оқушылар дауыс шығармай, ыммен, әрекетпен белгілі ойды жеткізуге тырысып бақты. Нәтижесінде «Кітап – білім бұлағы» байқауының мектепішілік кезеңінде сәтті шыққан бейнеформаттағы буктрейлер мен бейнероликтер іріктеліп, ең үздік және жақсы өнер көрсеткен оқушыларға келесі аудандық кезеңіне жолдама берілді.