Сурет салудан байқау ұйымдастырылды. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сурет салудан байқау ұйымдастырылды.
13
май
2022

Сурет салудан байқау ұйымдастырылды.

            «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында Алматы қаласы Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында сурет салудан «Бояулар құпиясы» атты мектепішілік байқау ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары сурет салудағы өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қызығушылықтарын тудырды. «Болашақ қала», «Сұлу табиғат», «Біздің көше», «Біз – бақытты балалармыз» деген тақырыптарда бейнелеу өнеріндегі қабілеттерін сынасып, бояулардың құпиясына бойлап, шығармашылық таланттарын көрсетті. Байқау қорытындысында ең үздік сурет салған оқушылар жоғары балл алып, аудандық кезеңге жіберілді.