Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
28
март
2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

№59 мектеп-гимназия

Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары: Кыпшакова Д.

2015-2016 оқу жылы

Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары

«Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын,болашағына кесірін тигізетін індет».

Н.Ә.Назарбаев.

Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.

Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Осыған орай №59 мектеп-гимназия бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.

Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері: 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.

2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.

3. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

Әр мұғалім білуі тиіс:

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты жүргізілген жұмыс түрлері

 

Алматы қаласы Білім Басқармасының 31 шілде 2015 жылғы 03-1-4/2910 бұйрығы негізінде «Білім туралы» Заңының 8- бабы 2- тармақшасына сәйкес ақша жинауға жол бермеу мақсатында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақшалай қаражат жинауға тиым салу туралы» бұйрығы және мектептің 04 тамыз 2015 жылғы №86 бұйрығы таныстырылып, арнайы бұрыш жасалды.

Мектептің 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген.

Қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Мектеп басшысы Б.С.Абишева педагогикалық ұжыммен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында жиналыс өткізді. «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбындаата-аналармен жиналыс өткізіліп, хаттамалары жазылды. Ата-аналардың бұйырықпен танысқаны туралы қолдары қойылды.

«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықпен, бопсалауды» болдырмаудың алдын алу» тақырыбы бойынша жаңа форматта «аналар»,«әкелер» кеңестерінің отырыстары өткізілді.

Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы аналардың пікірін білу, талқыға салу. Әкелердің бала алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Түрксіб аудандық ІІБ-ң ЖПҚ ЮПБ бастығы полиция капитаны Н.С.Ахметханова, мектеп инспекторлары Жүнісова.Т.О және Жакупова Г.М оқушылармен, педагогикалық ұжыммен кездесу өткізіп, «құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың, бопсалаудың алдын алуда» жүргізіліп жақтан іс-шаралармен танысып, пікір алмасты.

Оқушылармен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті.

«Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында дебат, «Заң талабы заман талабы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып,10-11 сыныптар арасында ой толғау (эссе) жазылды.

Ата-аналардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде, сауалнамаға 319 ата-ана қатысып, ой бөлісті.

Мектеп оқушыларының арасында бопсалауды болдырмаудың алдын алу мақсатында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Сауалнамаға 459 оқушы қатысып, ойларын ортаға салды.

Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.

Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.

 

Бүгінгі тақырып негізінде, сөзімді Жемқорлықсыз қоғам-нұрлы болашақ кепілі деп қорытындылаймын.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Похожие публикации: