Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған дөңгелек үстел! » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған дөңгелек үстел!
10
декабрь
2016

Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған дөңгелек үстел!

«Білімді жастар – ел болашағы»
 

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, ұрпақ сабақтастығын жалғап келеді. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпақ. Әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Халықтың бар мұрасының да, рухани, тарихи, мәдени құндылығының да иесі осылар. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, ел келешегінің бұлыңғыр болатындығы тағы бар. Келер ұрпақ тәрбиенің, мәдениеттің, тазалықтың қалпын сақтап қалмаса, әрі қарай жалғамаса, қала берді «құндылық» дейтін ұғымның тереңінде жатқан асылды байқай алмаса біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалатыны баршаңызға белгілі шығар.
Бәсекелестік қарқынды күшке ие болған заманда педагогика ғылымдарының алдында тұрған басты мақсат – ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, парасатты ұрпақ тәрбиелеу.
Елбасымыз «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, өз елін сүйетін ұлтжанды азамат болуы керек», – деп атап өткен. Бала ең алғашқы тәрбие көзін отбасынан алғанмен, мектептегі білім мен тәрбие үлкен мәнге ие. Мектеп – шәкірттерінің дүниетанымын кеңейтіп, болмысты қалыптастыратын, нақты бір салаға бет бұруға бағыт-бағдар беріп өзіндік тұлғасы бар азаматты тәрбиелейтін мекеме. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры.
         №59 мектеп-гимназиясының оқушылары директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нұрғалиев Әділет Қайратұлының жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Білімді жастар – ел болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға 8 «В» сыныбының оқушылары белсене атсалысып, қоғамдағы көкейкесті мәселелерді талқылап, өзіндік ойларын ашық жеткізе алды десек болады. Қазақ ұлтының қалыптасуы, өркендеуі, болашаққа нақты бағдар жасай алуы сынды тарихи оқиғалармен астасып жатқан мәселелерді ортаға салды.
Аталмыш оқу орнының директоры А.Т.Касымова елбасының «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты жолдауындағы жас азаматтарға бағытталған міндеттерді атап өтті.
«Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар.   Шеберліктің шыңына жете білсеңдер  мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады.  Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда», - деген елбасының сөзін де тілге тиек етті. Сөз соңында шәкірттеріне ыстық лебізін білдіріп, адаспай өз жодарын табуға тілекші екендегін жеткізді. Дөңгелек үстел әуезді әнмен жалғасты. 2-сынып оқушысы Умирзаков Жандос «Қазақ жастары» әнін орындап, жас буынның намысын оятқандай көрініп, жігер бергендей әсер қалдырды.
Сөз соңында айтарым, келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгер болмақ. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда, жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек етейік! Мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек, ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп тәрбиелейік дегім келеді.
 
                                                                                                      Ә.Қ.Нұрғалиев 

 

Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған дөңгелек үстел!
Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған дөңгелек үстел!
Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған дөңгелек үстел!
Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған дөңгелек үстел!
Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған дөңгелек үстел!

Похожие публикации:

28 апрель 2016 Ашық есік күні