Ашық есік күні » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық есік күні
28
апрель
2016

Ашық есік күні

Еңбек тәрбиесі және кәсіби бағдар


            Алматы қаласы № 59 мектеп – гимназиясында  кәсіптік бағдар  бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басында 9-11 оқушыларына кәсіптік бейімдеу жұмысының жоспары құрылды. Жыл басынана бері  мектебімізге ЖОО мен колледждерден,  «Жас Отан» жастар қанаты тарапынан  арнайы мамандар келіп, мамандықтар туралы бағыт бағдар берді. Оқу орындары оқушыларымызға қазіргі таңдағы қажетті мамандықтар мен мамандық  таңдаудағы негізгі кездесетін  жағдайларға, дұрыс бағыт алу және де  дұрыс мамандық таңдау керектігін, қазіргі таңда  қандай мамандықтар сұраныстарға ие екендігін басты назарда ұстап, түсініктемелер берді. Мектебімізде кәсіптік бағдар бойынша ақпарат бұрыштары жаңартылып отырады. Жоспар бойынша мекетеп психологтары Байдамбекова Қ.А.  мен Жыкбаева А.Е. мектеп бітіруші  түлектеріне түрлі психологиялық сауалнамалар мен оқушыларымыздың болашақта қандай маман иесі болатындығы туралы сараптамалар жасады. 9-11 сынып мұғалімдері Кажитаева М.Ж.,  Айбасова Г.Ә., Жанбосынова Л.Т., Лебекова Г.Қ., Күншібаева Г.Т. сынып папкалары жүргізілген. Сынып жетекшілердің мамандық таңдау бағытындағы жұмыстарында, сынып тізімі, жоспар, алдағы уақытта қандай оқу орындарын таңдады сол бойынша  сауалнамалар,  9 сыныптар бойынша «Менің болашақ мамандығым»  тақырыбында шығармалар жазып салынған.

            Жоспар бойынша  информатика пәнінің мұғалімдері  Кажитаева М.Ж. мен Смагулова Н.М.  сыныптар арасында  «Мамандық әлемі» компьютер сайыстары мен «Мамандықты таңдау табысты өмірдің кілті»  тақырыбында пікірталас өткізді.

            Мектебімізге төменде аталған ЖОО мен колледждері кәсіптік бағдарлар беру жұмыстарын жүргізді.

1. Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

2. Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль – жол академиясы

3. Туризм Академиясы «Анталия»

4. Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі

5. АВИМЕД Медициналық колледжі

6. «АЯЖАН» медициналық колледжі

7. Алматы менеджмент және сервис колледжі

8. Алматы темір жол көлігі колледжі

9. «Әділет» колледжі

10. Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі

            23.04.16ж  9 сыныптар арасында  мектеп  психологтары  Байдамбекова Қ. «Мамандық таңдау- күрделі іс» тақырыптарында сынып жетекшілерімен бірге   кездесу кештерін өткізді. Кездесу кешіне мектеп директоры, оқу- тәрбие жұмысының орынбасарлары, мектеп мұғалімдері,   колледждердің мұғалімдері және ата –аналар қатысты. Оқушылар алдағы уақытта қандай маман иесі болатындығы туралы, өздерінің пікірлерін ортаға салды. Сәуір айында жоспар бойынша  ата-аналармен,  ЖОО мен колледждардың қатысуымен  «Ашық есік» күні өз деңгейінде өткізілді.

Ашық есік күні
Ашық есік күні
Ашық есік күні
Ашық есік күні