Аудандық зерделік ойыны » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аудандық зерделік ойыны
01
март
2016

Аудандық зерделік ойыны

Аудандық зерделік байқау

Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен - ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кенде емес.
Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.
Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен - өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары, №59 мектеп-гимназиясының 10"Ә" және 8"А"сынып оқушылары Каниева Нұрбақыт, Аманбек Бауржан, Нұрлыбеков Ақжол, Мұхтаров Азамат, Жанабай Аминат, Болат Нұрай, Қайыркенов Нұржан, Арниязов Айдос сынды оқушыларымыз 28.02.2016ж ауданаралық білім додасына қатысты. ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, егемендігіміздің 25 жыл толуына байланысты өткізілген аудандық зерделік байқауынан жүлделі ІІ-орынды қанағат тұтты. Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 30 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Ә.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетіп келеді. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудыңнәтижесі. Сондықтан жас буын әрдайым түрлі сайыстарға қатыса отырып, шыңдала беретіні біз үшін үлкен қуаныш.

Аудандық зерделік ойыны
Аудандық зерделік ойыны
Аудандық зерделік ойыны

Похожие публикации:

22 февраль 2016 Ең әдемі ару - 2016
17 октябрь 2015 Мектеп тарихы
21 январь 2015 Хабарландыру