Ең әдемі ару - 2016 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ең әдемі ару - 2016
22
февраль
2016

Ең әдемі ару - 2016

 «Ең әдемі ару - 2016»

«Қыз өссе – елдің көркі» деп бабаларымыз айтқан өнегелі сөздің астарында халқымыздың қыз баласын сұлулық пен нәзіктікке балайтынын байқауға болады. Қыз баласы қашан да әсемдіктің нышаны болған. №59 мектеп – гимназия әкімшілігі және мектеп парламенті президенті Аманбеков Бауыржан Алтынбековичтің осымен сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырып отырған «Ең әдемі ару» байқауына сыртқы келбеті мен ақылы, білімі үйлескен қыздар қатысты.Олардың әрқайсысы - ақыл мен тәрбиені бойына қатар сіңіріп, халқымыздың құндылықтарын ардақтай білген ару қыздар.

«Ең әдемі ару - 2016» жеңімпазы анықталды. 10 «Ә» сынып оқушысы Сейітжанова Анеля қатысушылардан озық шығып, жеңімпаз атанды. №59 мектеп – гимназияда қазақ қыздары арасында жеңімпаз аруымыз заманауи үлгідегі тәжді салтанатты түрде иеленіп, «ауданаралық» байқауға қатысуға мүмкіндік алды. 1-ші орынды 8 «Ә» сынып оқушысы Әлішерова Анель және 9 «Г» сынып оқушысы Нұраxметова Әйгерім жеңіп алды. Ал 9 «Ә» сынып оқушылары Құралбекова Диана мен 9 «Б» сынып оқушысы Иренші Жансая 2 – ші орын иегерлері атанды. Ал 9 «А» сынып оқушысы Байлар Анель «Гүлдер-айым» әнін шырқап 3-ші орынды қанағат тұтты. «Ең әдемі ару - 2016» тек қана мемлекеттік тілде жүргізілді. Сондықтан қатысқан аруларымыз қазақ тілін міндетті түрде жетік білулері қажет. Сондай – ақ, байқаудың үміткерлері сұлулығы мен биязылығына қоса ұлттық дәстүрді де жетік білетін болуы керек.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Сейтжанова Аделя «Ең әдемі ару - 2015» байқауының жеңімпазы атанған еді. Биыл тәж 10 «Ә» сынып оқушысы Сейтжанова Анеляға бұйырды. Анеля негізі Алматы қаласының тумасы. Өте парасатты, ақылы көркіне сай, әдемі ару. Байқауымызға мектебіміздің 8-10 сынып қыздары арасынан он бір сыныптан 6 қыз қатысты. Негізі әділ-қазы мүшелері жеңімпазды таңдаған кезде талант, сұлулық, ақыл сынды қасиеттерді ұштастыруға тырысады.Қазылар алқасы төрайымы - Абишева Бакытгул Советовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Қыпшақова Дариға, мектеп психологы – Байдамбекова Қымбат болды. Ал Анеля аталған талаптарды өз бойынан танытуы арқылы өзін тамаша қырынан көрсетті. Кеш жүргізушілері болған мектебіміздің 10 «Ә» сынып оқушысы Аманбеков Бауыржан Алтынбекович және «Ең әдемі ару - 2015» байқауының жеңімпазы, сән және дизайн колледжінің студенті Сейтжанова Аделя.

Ең әдемі ару - 2016
Ең әдемі ару - 2016
Ең әдемі ару - 2016
Ең әдемі ару - 2016
Ең әдемі ару - 2016
Ең әдемі ару - 2016
Ең әдемі ару - 2016
Ең әдемі ару - 2016
Ең әдемі ару - 2016