Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы жасаған үндеуінде осы күнді белгіледі. Жалпы елімізде тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері аза тұту күні 11-ші рет жарияланып отыр. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы жасаған үндеуінде осы күнді белгіледі. Жалпы елімізде тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері аза тұту күні 11-ші рет жарияланып отыр.
10
январь
2022

Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы жасаған үндеуінде осы күнді белгіледі. Жалпы елімізде тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері аза тұту күні 11-ші рет жарияланып отыр.

«Еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан ішкі істер, әскерилер саласындағы азаматтарымыз бен бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Президенттің тиісті жарлығы шықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімі – елді сабырлыққа, имандылыққа, ауызбіршілікке шақыру шарасы. Ықылым заманнан сан қиындық пен сынақты бастан кешірген халқымызды қаңтардағы қара құйын қатты күйзелтті. Төтеннен, бөтеннен келгендерге табалаушы, елбұзарлар қосылды. Халықтың жиған-тергені шашылды, ырыс-несібе рәсуә болды. Қалаларымызға ойран салынды, қан төгілді. Отан үшін әрбір жанның қазасы қасіретті. Кенеттен қайғы арқалаған отбасылар мен әулеттердің баршасына қайғырып көңіл айтамыз.