КТК ойындары » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2016

КТК ойындары

КТК ойындары

№59 мектеп-гимназияда 2016ж. наурыз айының 7-ші жұлдызы көңілді тапқырлар клубының көңілді кеші өтті. 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, «Мектеп президенті кубогы» үшін өткен мектепішілік деңгейдегі шара мектебіміздің ең таңдаулы құрамалардың басын қосты. «59 жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен өткен КТК ойындарын мектеп президенті Аманбеков Б.А. алғы сөзбен ашық деп жариялады. Жиналған жастарды, ұстаздарды, мектеп аруларын мерекелерімен құттықтап, шараға қатысушы құрамларға сәтттілік тіледі. Көңілді тапқырларлар клубының кешін әдеттегідей «Мектеп Президенті», КВН ойындарының майталманы Бауыржан Алтынбекұлы жүргізді.

Мектебіміздің АКТ залы сахнасында ойналған КТК нөмірлері көпшілікті күлкіге көмді. Жайдарманның жас достарының өнерлерін тамашалуға жиналған жастардың санында есеп болмады.

Көңілді тапқырлар клубының жастары белсене қатысқан ойында көпшіліктің қошеметіне ие болған құрамалар арасында «Fashion juniors»да бар. Қоғамдағы көкейтесті мәселелерді де күлдіріп қана жеткізген құрама шеберлік танытты.

Халықты күлкіге көміп, күлкінің дәруменін сыйлаған жас өнерпаздар өнерін таразылау қазылар алқасына жүктелді. Ал қазылар алқасының төрайымы мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі – Даулетбаева Гулнафис Абатовна болды.

Сонымен, фестиваль қорытындысы бойынша, бас жүлденмен (президент кубогы және алғыс хатпен) (8«Б» сынып командасы) «5&10 теңге» құрамасы марапатталды. 1-орынды «Smile-стаил» (7«Ә» сынып командасы) жеңіп алды. 2-орынға «Typical girls» (7-сыныптар бойынша құралған команда) құрамасы лайық деп табылды. 3-орынды «Самұрық»(8«Ә» сынып оқушылары) құрамасы қанағат тұтты. «Үздік ойыншы» аталымын – Байдамбеков Мадияр еншіледі. Ал ынталандыру номинациясы – «Қазақ жастары», «Нағыз жігіттер», «250 теңге» командаларына берілді. Күлу қиын емес, күлдiру қиын! Алған орындарыңыз құтты болсын!

КТК ойындары
КТК ойындары
КТК ойындары

Похожие публикации:

22 февраль 2016 Ең әдемі ару - 2016
17 октябрь 2015 Мектеп тарихы