Көктем аруы - 2016 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көктем аруы - 2016
09
март
2016

Көктем аруы - 2016

Көктем аруы - 2016

№59 мектеп-гимназияда 8-наурыз «ХалықаралықӘйелдер мерекесі»қарсаңында «Көктем аруы — 2016» қыз сыны байқауы өтті. Мақсаты: мектептегі ару қыздардың өнері мен білімін сарапқа салып, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беру. Байқауға мектебіміздің 8 «Б» сыныбынан 14 қыз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. «Мен қазақтың қызымын» өзін-өзі таныстыру, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» өз өнері сайысында көрермендерге ән айтып, би билесе, «Білімді мыңды жығар» атты сұрақ-жауапкезеңінде қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына қатысты танымдық сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге ас мәзірі, әртістік қабілетін байқау және сән үлгісі шарттары бойынша сынға түсіп, бар өнерлерін ортаға салған мектеп қыздары жарады, өздерінің барлық жақсы жақтары мен өнерлерін көрсетіп «ару»деген атқа лайық екендерін тағы бір дәлелдеді. Нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлде «Көктем аруы - 2016» атағын Құдайберген Балжан жеңіп алса, бірінші орын Еренбек Гауһар, екінші орын Садыкова Мадина, үшінші орын Дүйсеналиқызы Айым және Сайрашева Аружанға бұйырды. «Білімді ару» номинациясы бойынша Максимова Шынар, «Биші ару» номинациясымен Темірханова Аяжан, «Өнерлі ару» номинациясымен Советова Таңшолпан марапатталды.

Көктем аруы - 2016
Көктем аруы - 2016

Көктем аруы - 2016

Көктем аруы - 2016
Көктем аруы - 2016

Көктем аруы - 2016

Похожие публикации:

22 февраль 2016 Ең әдемі ару - 2016
17 октябрь 2015 Мектеп тарихы