Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепте сейсможаттығу өткізілді.
10
апрель
2026

Мектепте сейсможаттығу өткізілді.


Сейсможаттығудың мақсаты – білім алушылар мен мектеп қызметкерлеріне жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету, төтенше жағдайларда қауіпсіздікті сақтау шараларын меңгерту болды.

Жаттығу барысында дабыл белгісі беріліп, оқушылар мен мұғалімдер белгіленген эвакуациялық бағыттар бойынша мектеп ғимаратынан қауіпсіз аймаққа шығарылды. Сынып жетекшілері оқушылардың толық қатысуын қадағалап, тәртіп сақталуын қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде сабыр сақтау, ғимарат ішінде және сыртында өзін ұстау ережелері түсіндірілді. Оқушыларға алғашқы қауіпсіздік шаралары мен сақтық әрекеттері жөнінде нұсқаулықтар берілді.

Өткізілген сейсможаттығу оқушылардың төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.