«Балаңыз төтенше жағдайға дайын ба?»
📢 «Балаңыз төтенше жағдайға дайын ба?»
Мектебімізде Ата-аналар педагогикалық орталығының жоспарына сәйкес «Балаңыз төтенше жағдайға дайын ба?» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараны 7-сынып жетекшілері ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен ата-аналарға төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және өмір қауіпсіздігі мәдениетін арттыру.
🔹 Оқушыларға төтенше жағдай түрлері (жер сілкінісі, өрт, су тасқыны және т.б.) туралы ақпарат берілді
🔹 Қауіп төнген жағдайда өзін-өзі ұстау ережелері түсіндірілді
🔹 Практикалық жаттығулар мен көріністер ұйымдастырылды
🔹 Ата-аналарға бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетіп, қауіпсіздік дағдыларын жетілдірді.
👨👩👧👦 Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

